Погода в Павлодаре
+5°С
в Павлодаре Ясно
давление: 757 мм.рт.ст.
USD439.4
EUR473.54
RUB4.76
CNY60.82
  • Регистрация

    На указанный email придёт письмо со ссылкой для активации.

    Вы можете указать свой пароль, или оставить это поле пустым и тогда он будет сгенерирован автоматически.

    Вы можете указать отдельный логин, чтобы не использовать email для входа.

    Ваше имя, для отображения на сайте.

Сегодня 12 мая 2024 года, воскресенье

Новости Казахстана

2021 жылдың 8 наурызында «Шымбұлақ» ТК-да әлемнің жетекші фристайлистері «могул» түрінен ақтықсындарда медаль үшін күресті

«Могул» түріндегі фристайлдан әлем чемпионатының бірінші күнінің қорытындысы бойынша пресс-конференция өтті.

2021 жылдың 8 наурызында «Шымбұлақ» ТК-да әлемнің жетекші фристайлистері «могул» түрінен ақтықсындарда медаль үшін күресті

Пресс-конференцияға келесі тұлғалар қатысты: Андреа Ринальди, Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) Фристайл жөніндегі рейс-директоры ; FIS Фристайл жөніндегі рейс-директорының көмекшісі - Конрад Ротерман және «могул» түріндегі фристайлдан әлем чемпионатының жеңімпаздары.

Чемпионаттың ұйымдастырушалары қатысып отырған әйелдерді 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, денсаулық пен жаңа жеңістер тіледі.

Жеңімпаз спортшылар мен FIS өкілдері чемпионаттың жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті. Жаңа қарлы жолдардың сапасын бағалап, чемпионатқа қатысуға берілген мүмкіндікке алғыс білдірді.

Жарыс күнінің бірінші жартысында фристайлдан әлем чемпионатында «могул» түрінен білікті секірулер аяқталды. Жарыстың ақтықсынына 18 спортшы өтті. Қазақстандық фристайлшылардан әйелдер арасынан ақтықсынға Юлия Галышева мен Анастасия Городко өтті. Қазақстанның әйелдер командасы үшін бұл 8 Наурыз мерекесіне арналған тамаша сыйлық болды.

Ерлер арасында біліктілік жарыстарында төрт қазақстандық спортшыдан ақтықсынға ерлер командасының екі көшбасшысы – Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков шықты.

2021 жылдың 8 наурызында «Шымбұлақ» ТК-да әлемнің жетекші фристайлистері «могул» түрінен ақтықсындарда медаль үшін күресті

Әйелдер арасында «могул» түріндегі фристайлдан әлем чемпионатының ақтық жарысында жеңімпаздардың орны келесідей бөлінді:

1 орын - Перрин Лаффон, Франция
2 орын - Юлия Галышева, Қазақстан
3 орын - Анастасия Смирнова, Ресей

Ерлер арасында «могул» түріндегі фристайлдан әлем чемпионатының ақтық жарысында келесілер жеңімпаздар атанды:

1 орын - Микаэль Кингсбери, Канада
2 орын - Бенджамин Кавэ, Франция
3 орын - Павел Колмаков, Қазақстан

«Могул» мен «шаңғы акробатикасы» түріндегі Фристайлдан Әлем Чемпионаты 2021 жылдың 8 наурызынан бастап 11 наурызына шейін Алматыда өтеді. Бүгін, 9 наурызда «параллельді могул» түрінен ақтықсындар өтеді.

Спорттық шаралардың одан әрі дамуын чемпионат ұйымдастырушыларының ресми парақшаларындағы жаңалықтарымыздан бақылаңыз.

Чемпионаттың ұйымдастырушылары:

Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық Комитеті, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Шаңғы Қауымдастығы мен «Шымбұлақ» тау курорты.

Чемпионаттың демеушілері мен серіктестері:

SamrukKazyna - бас серіктесі
SamrukTrust - әлеуметтік серіктесі VISA - паралелльді могул мен шаңғы акробатикасы түріндегі фристайлдан FIS әлем кубогының ақтық кезеңдерінің демеушісі
1Xbet - паралелльді могул мен шаңғы акробатикасы түріндегі фристайлдан FIS әлем кубогының ақтық кезеңдерінің және әлем чемпионатының демеушісі
Tribuna.media - ақпараттық серіктес

Источник: «Агентство Event Avenue»

Понравилась статья? Поделитесь с друзьями!

Афоризм дня

Люди теряют здоровье, зарабатывая деньги..., а потом теряют деньги, восстанавливая здоровье.

От редакции

Использование материалов возможно только при наличии активной ссылки на городской портал «Павлодар Сити».

Редакция не несет ответственности за содержание рекламных объявлений, статей и комментариев.

Наш адрес: 071406, Казахстан
г. Семей, ул. Сыбанова, 2
Моб.: 8 747 650 05 30
E-mail:

Посещаемость

Top.Mail.Ru Яндекс.Метрика